Бір аптада ыстық сумен қамтамасыз ету жұмысын аяқтау жоспарланып отыр
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин анықталған зақымдарды жою бойынша жүргізілетін жұмыстарды тексерді.
Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, бүгінде қаладағы жылу желілерінде 148 зақым жойылды. Бір аптада ыстық сумен қамтамасыз етуге байланысты барлық жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.
Қала әкімінің айтуынша, жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына жүргізілген гидравликалық сынақтардың 4 кезеңінің қорытындысы бойынша 203-ке жуық зақым анықталды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 2 есе аз.
Барлығы шамамен 400 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етілді. №1 және №3 магистральдік желілерін реконструкциялау және ішкі жылумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту жүргізілетін бірқатар үйлерді қоспағанда, қалғандарын келесі апта ішінде қосу жоспарланып отыр.