Halyq Uni логотип
×

«Бұл – өте жауапты әрі абыройлы миссия». Тоқаев дәрігерлерге үндеу жасады

Бүгін – Медицина қызметкері күні

 Қымбат Елтайқызы 16.06.2024 | 11:01
«Бұл – өте жауапты әрі абыройлы миссия». Тоқаев дәрігерлерге үндеу жасады
фото: ДСМ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Медицина қызметкері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Сіздер күн сайын адам өмірі үшін күресіп, ұлт саулығын жақсартуға өлшеусіз зор үлес қосып келесіздер. Бұл – өте жауапты әрі абыройлы миссия.

Денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді барынша қолдау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі. Біз өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңізді қашанда жоғары бағалаймыз. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге және олардың құқықтарын қорғауға әрдайым баса назар аударамыз. Жақында қабылданған арнайы заң – осының айқын дәлелі. Сондай-ақ елімізде тұңғыш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы белгіленді. Бұл марапат халыққа қалтқысыз қызмет еткен нағыз майталман мамандарға беріледі.

Сіздер «Адал азамат» тұжырымдамасының идеалдары мен құндылықтарын берік ұстанып, кәсіби біліктілік пен антқа адалдықтың үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Қоғамның игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!», – деп жазды Мемлекет басшысы құттықтау хатында.

Қазақстанда ана құрсағындағы ұрыққа ота жасала бастады. Жасанды интеллектінің медицинадағы рөлі: диагноз қою мерзімін қысқарту, талдау жасауды жылдамдату.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама