Halyq Uni логотип
×

Астанада жүргізушілерге Bus lane жолағымен жүруге рұқсат етілді

Бірақ тек кейбір автобус жолағымен уақытша қатынауға болады

 Қымбат Елтайқызы 15.06.2024 | 16:02
Астанада жүргізушілерге Bus lane жолағымен жүруге рұқсат етілді
фото: kolesa.kz

Елордалықтарға кейбір автобус жолағымен уақытша жүруге рұқсат берілді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде көлік жүктемесін азайту мақсатында кейбір көшедегі «Сергек» камералары автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеуді уақытша тоқтатты, деп мәлімдеді Астана әкімдігі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қаланың магистральдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жолдың асфальт жабынын төсеуге және жол белгілерін қоюға байланысты кейбір көшеде автомобильдердің қозғалысы уақытша шектеледі. Осыған байланысты, көлік жүктемесін төмендету мақсатында осы жылғы 14 маусым мен 1 шілде аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында, Сарайшық пен Сарыарқа көшелерінде «Сергек» камералары автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеуді уақытша тоқтатты, – делінген ақпаратта.

Тәртіп сақшылары тұрғындардан өз қауіпсіздігі үшін жылдамдық режимін сақтауды және көшелердің жабық учаскелерін қоспағанда, маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Атап өтсек, соңғы бірнеше күн бойы Астананың бірнеше көшесінде жол-жөндеу жұмыстары қатар жүргендіктен көлік кептелісі қалыптасты. 

Елордада жаңа автобус жолақтары пайда болады. Астана әкімдігі қаланың бесінші ауданына атау таңдалғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама