Halyq Uni логотип
×

Шымкенттік кәсіпкер жалған құжатпен жоқ өнімге бюджеттен 12 млн теңге алған

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 6 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды

 Еркеғали Болатұлы 14.06.2024 | 17:42
Шымкенттік кәсіпкер жалған құжатпен жоқ өнімге бюджеттен 12 млн теңге алған
фото: Halyq Uni

Шымкентте кәсіпкер сүт өңдейтін кәсіпорындарға 600 мың литрден аса өнім өткіздім деп жалған құжат тапсырған.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын ол өзі өндірмеген өнім үшін мемлекеттен 12 миллион теңге субсидия алған. Қазір іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа жолданды.

Тауар өндіруші сүт өнімін сүтті өңдейтін кәсіпорындарға өткізуі керек болған. Кәсіпорындардың қала прокуратурасына берген мәліметіне сәйкес, бұл тауар өндірушіден ешқандай өнім алмағаны белгілі болды. Мемлекеттен бөлінетін субсидия тауар бағасын арзандатуға бағытталған. Әр литріне 20 теңгеден төленеді, - деді Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры Қали Бейсенбаев.

Дәл осындай жолмен мемлекет қаражатын негізсіз алмақ болған бірнеше кәсіпкер анықталған. Олардан қазір 24 миллион теңге қаржы өндірілді. Ал бұл іске жауапты ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 6 лауазымды тұлғасы, оның ішінде басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама