×

2025 жылға қарай отандық газ тапшылығы болуы мүмкін - Болат Ақшолақов

Импорттық ресурстарға тәуелділік артады

 Динара Амантай 06.06.2022 | 11:20
Фото: news.myseldon.com

Елімізде 2025 жылға қарай отандық газ тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22 орында, ал ТМД елдері арасында Ресей мен Түрікменстаннан кейін үшінші орында. Табиғи газды кеңінен пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, әлемдік экономикада оның маңызы зор. Ел ішінде газ тұтыну тұрақты түрде өсіп келеді. 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғандағы кезеңде тұтыну 13,8-ден 18,6 млрд текше метрге дейін, яғни 4,8 млрд текше метр деңгейінде өсті. Газ тұтыну өсімі шамамен 35 пайызды немесе жыл сайын орта есеппен 7 пайызды құрады, – деді Б. Ақшолақов.

Оның айтуынша, газ саласын дамытудың негізгі тежеуіш факторы бағаны ұстап тұру саясатына байланысты.

Осыған байланысты 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы және импорттық ресурстарға тәуелділік болуы мүмкін, – деді министр.

Оның айтуынша, газ жобаларына арналған ынталандыру шаралары арқылы еліміздің ресурстық базасын толықтыру туралы мәселе өзекті болып тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама