Halyq Uni логотип
×

Алматыда тәртіпсіздік салдарынан жедел жәрдемнің бес қызметкері зардап шекті

Алматыда төтенше жағдай енгізілді

 Халық үні 05.01.2022 | 16:10
Алматыда тәртіпсіздік салдарынан жедел жәрдемнің бес қызметкері зардап шекті
photo @ Pavel Mikheyev

Алматыда наразылық білдірушілер жедел жәрдем жұмысы мен медицина қызметкерлеріне зиян келтіріп, әлеуметтік нысандарды қиратуда, деп хабарланды қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінен.

Басқарманың мәліметінше, адамдар мегаполис емханалары мен ауруханаларына кіріп, медициналық мекемелердің мүлкі мен жабдықтарын қиратқан.

Заңсыз әрекеттер салдарынан жедел жәрдемнің бес қызметкері, оның ішінде екі жүргізуші мен үш медицина қызметкері зардап шекті. Олар қалалық стационарларға жеткізілген.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Төтенше жағдай енгізілген соң өңірлердің аумағына кіру, сондай-ақ одан шығу шектеледі.

Наразылық салдарынан Алматы қаласындағы Nur Otan партиясының Әуезов аудандық филиалы өртенгені, наразылыққа шыққандар әкімдікке басып кіргені хабарланды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қала тұрғындарына үндеу жасады. Оның айтуынша, қалада зардап шеккендердің салдарынан 120-дан аса көлік құралы, оның ішінде 33 полиция көлігі, «жедел жәрдем» бригадасы, өрт сөндіру автомашиналары өртенген. Бизнес нысандары зардап шеккен: 120 дүкен мен сауда нысандары, 180 қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, 100-ге жуық ШОБ кеңселері. 500-ден аса бейбіт тұрғын, оның ішінде 130 әйел мен қарт адам соққыға жығылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама