Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да судьяның орны үш жылдан бері бос тұр – Денис Шипп

Республика бойынша 350 судьяның орны бос тұр

 Дәурен Ерболат 14.06.2024 | 10:21
ШҚО-да судьяның орны үш жылдан бері бос тұр – Денис Шипп
Фото: Halyq Uni

Бүгінде ШҚО Тарбағай ауданында үш жылдан бері аудандық сотта судьяның орны бос тұр. Бұл туралы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында «Қазақстанның сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстанның Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасы талқыға салынып жатыр. Денис Шипп заңның маңызын түсіндірді.

«Бүгінде республика бойынша судьялар үшін 350-ден аса бос жұмыс орны бар. Біздің ойымызша, заңға енгізілген түзетулер бос судья қызметінің орнына маман тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық сотында судьяның орны 3 жылдан бері бос тұр. Онда барып, жұмыс істегісі келетіндер жоқ», - деді Жоғары сот кенесінің төрағасы.

Айта кетейік, бүгінде сотта судья болу үшін төмендегі талаптар қойылады:

  • Үміткердің 30 жасқа толуы;
  • Жоғары білім мен 5 жылдық жұмыс өтілінің болуы;
  • Әкімшілік, сыбайлас жемқорлық және басқа да теріс қылықтарды болмауы, заңды бұзбауы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама