Құтқарушылар оның денесін судан шығарып алды
Астанада 17 жастағы жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті.
12 маусымда Астанада жасөспірім өзеннің бір жағасынан екінші жағына жүзіп өте аламын деп достарымен бәстескен. Бірақ бәс қайғылы оқиғамен аяқталды. Бала суға батып кетті.
Сағат 19:02-де Астана қалалық ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жасөспірімнің денесін судан шығарып алды.