Талдықорғанның 33 мың тұрғыны МӘМС тізімінде жоқ
Әсіресе ауыл жұрты бұл жүйеден бейхабар
Талдықорған қаласында МӘМС нормаларын ескермеген тұрғын көп. Олар медициналық қызмет пен тегін дәрі-дәрмектен шеттетіледі.
Бүгінде сақтандырылмаған қала тұрғындары арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру нормаларын түсіндіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Соған сай 4 жұмыс тобы құрылып, аралау жұмыстарын қолға алған.
Құрылған жұмыс тобына ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен білім, медицина саласы, сондай-ақ мемлекеттік кірістер басқармасының, «Мансап» орталығының және жергілікті учаскелік полиция қызметкерінің өкілдері қосылды.
Халықтың көбі МӘМС-тің негізгі міндеттерін түсінбейді. Әсіресе ауыл жұрты аталған жүйеден бейхабар. Бұл – денсаулық сақтау саласындағы мүддені әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Барлық сақтандырылған азаматтарға жынысына, жасына немесе әлеуметтік мәртебесі және тұрғылықты мекенжайы мен табысына қарамастан, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық және дәрілік көмекке тең дәрежеде қол жеткізуге кепілдік береді. Қазір сақтандырылған азаматтарға ғана тегін дәрі-дәрмек таратылады, - деді жұмыс тобының мүшесі Азамат Еспанов.
Өкінішкен қарай, бүгінде облыс орталығында 34 мыңға жуық адам «сақтандырылған» мәртебесіне ие емес. Заң аясында сақтандырылмаған тұрғындар медициналық қызметтер мен тегін дәрі-дәрмектерден шеттетіледі.
Мен бүгін барып сақтандырылдым. Шыны керек, әртүрлі шаруаға алданып, дәрігерге қаралудың да реті келмейді. Қазір жедел жәрдем де соған қарайды екен, - дейді Ынтымақ ауылының тұрғыны Исатай Алтынұлы.