Halyq Uni логотип
×

Астанада ер адам жәбірленушіні шылым бермегені үшін өлтіре жаздады

Күдікті 9 жылға сотталды

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2024 | 16:56
Астанада ер адам жәбірленушіні шылым бермегені үшін өлтіре жаздады
Фото: ernur.kz

Астанада түнгі клубтардың бірінде мас адам жәбірленушіден шылым сұрап, шылым бермеген соң оны пышақтап тастаған.

Астана қаласы прокуратурасының хабарлауынша, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келген. Ол дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында аман қалды.

Сотталушының мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді.

Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама