Halyq Uni логотип
×

«Сахнада боқтауға болмайды». Министр бұл талап шетелдіктерге де қойылатынын айтты

Министр  әншілерді сахна мәдениетін құрметтеуге шақырды

 Дәурен Ерболат 13.06.2024 | 16:14
«Сахнада боқтауға болмайды». Министр бұл талап шетелдіктерге де қойылатынын айтты
Аида Балаева, фото: Halyq Uni

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сахнада балағат сөз айтуға болмайтынын ескертіп, әншілерді сахна мәдениетін құрметтеуге шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Мәдениет қайраткерлерінің міндеті – рухани құндылықты насихаттап, мәдениетті қалыптастыру. Біз сахнада ішімдік ішуге немесе есірткі заттарын тұтынуға рұқсат берсек, бұл қоғамға қалай әсер етеді? Осыған байланысты қазір біз сахнаны құрметтеу керек деген мәселені көтеріп жатырмыз. Сахнаға шығып, өзінің таланты арқылы ақша тауып жүрген әнші көрерменді құрметтеуі керек. Сондықтан ол жағдайы мен мінез-құлқын бақылауы шарт. Боқтауға мүлдем болмайды. Мұны сіз сахнада қалай елестетуге болады?», - деді Аида Балаева.

Министр бұл талап шетелдік әншілерге де қойылатынын атап өтті.

Келісімшартта ненің болатынын, ненің болмайтынын жазу қажет. Мұны біз неге істеуіміз керек? Өйткені, шетелдік әртістер елімізде өнер көрсетеді. Сондықтан олар біздің заңымызды құрметтеп, бағынуы керек, - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама