Есімі – Айым, 1994 жылы туған
Жетісу облысында 30 жастағы келіншекке жақындары іздеу салып жатыр. Таныстарының айтуынша, соңғы рет ол Алакөл ауданының Жұмахан Балапанов ауылындағы үйінен Үшарал қаласына шығып кетіп, оралмаған.
Жоғалған келіншек туралы ақпарат Instagram-дағы жергілікті пабликтердің бірінде жарияланды.
Келіншек жоғалды. Есімі – Айым, 1994 жылы туған. Балапанов ауылының келіні, кеше Үшаралға келген. Содан үйіне оралмаған. Артында 7 баласы қалды. Омырауда сәбиі бар. Көрген-білгендер болса, 8 702 137 34 08 нөміріне хабарлассыншы, - дейді жақындары.
Жетісу облыстық полиция департаментінің өкілдері аталған әйелдің туыстары полицияға жүгінгенін мәлімдеді.
«Арыз түскен, іздеп жатырмыз», - деді облыстық ПД ресми өкілі.