Жыл басынан бері 121 өрт оқиғасы тіркеліп отыр
Атырау облысында қаңтардан бері өрттің салдарынан 11 адамның қаза тапқаны тіркелген.
Атырау облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нариман Өтешовтің айтуынша, жыл басынан бері 121 өрт оқиғасы тіркеліп отыр.
Бұл көрсеткіш – өткен жылмен салыстырғанда, 3 пайыз артық. Жыл басынан бері өрттің басым бөлігі – 56 дерек тұрғын үй секторында тіркелді. Сонымен бірге, 40 көлік өртенді. Жалынның салдарынан 11 адам ажал құшты. Ал 6 адам күйік алып, зардап шекті.
Өрттің тұтануының бірнеше себебі бар:
Біріншіден, электр аспаптарын монтаждау және техникалық ережелерін бұзумен байланысты болып отыр.
Екіншіден, отты қолдану кезіндегі абайсыздық та себеп болады.
Үшіншіден, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері дұрыс сақталмайды.
Төртіншіден, балалардың отпен ойнауы да өрттің тұтануына әсер етеді», - деді Нариман Өтешов.