×

Әлемнің жеті университетінен шақырту алған көкшетаулық оқушы жайлы не білеміз

Әмір Манап шетелдік 7 жоғары оқу орнынан шақырту алды

 Халық үні 10.06.2024 | 21:27
Әмір Манап, фото: gov.kz

Халықаралық IELTS емтиханынан 7, SAT емтиханынан 1320 нәтижесін көрсеткен Көкшетау қалалық «Білім-инновация» лицей-интернатының түлегі Әмір Манап шетелдік 7 жоғары оқу орнынан және Назарбаев университетінен шақырту алды.

Көкшетаулық оқушыға Торонто университетінен (Канада, 21-орын), Колумбия университетінен (Британия, 34-орын), Лойола Мэримаунт университетінен (АҚШ, Калифорния штаты) және Огайодағы Дэнисон университетінен шақырту алған.

Сонымен қатар Гонконгтың белді университеттерінің де грантын жеңіп алған. Атап айтқанда, Гонконг политехникалық университеті (65-орын), Гонконг қалалық университеті (70-орын) және Гонконг баптист университеті (Азияда 43-орында).

Жалпы, биыл «Білім-инновация» лицей-интернатының 12 түлегі шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырту алған. Соның бірі – Әмір Манап.

Әмір «Білім-инновация» лицейінде 7-сыныптан бастап қосылған. Академиялық ізденісінен бөлек, қоршаған ортаны қорғауға атсалысқан. Лицейдің экологиялық клубының белсенді мүшесі болып, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастыруға көмектескен.

Ол тек өзін дамытып қана қоймай, басқа оқушыларды түрлі ғылыми жарыстарға дайындаған. Әмір дайындаған оқушылар облыстық және республикалық деңгейлерде жақсы нәтиже көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама