×

Абай облысында қос азаматтығы бар адамдар анықталып жатыр

Бір адам елден біржолата шығарылды

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2024 | 11:03
Фото: gov.kz

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Оған заң бойынша рұқсат берілмейді. Ал Абай облысында басқа елдің азаматтығын алған 4 адам анықталды.

Кінәлілерге айыппұл салынды. Бір адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығарылды.  

Биыл жыл басынан бері Абай облысының ПД көші-қон қызметіне шетел азаматтығын алғысы келген 149 адам хабарласқан. 143 адам Ресей Федерациясының, екеуі Түркияның, тағы 2 адам АҚШ-тың және 2 тұрғын Германияның азаматтығын алды.

Абай облысының ПД көші-қон қызметі басқармасы шетел азаматтығын алған адамдарға 30 тәулік ішінде консулдық мекемеге немесе ішкі істер органдарына хабарласу керектігін ескертеді. Уәкілетті органдарға шетел азаматтығын алу туралы заңнамада белгіленген мерзімде хабарланбаған жағдайда азаматтық алғысы келген адамға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып (738 400 теңге), елден біржолата шығарылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама