Halyq Uni логотип
×

Елімізде террорлық шабуылға тосқауыл қойылды – ҰҚК

Экстремизмге қатысы бар 26 адам сотталды

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2024 | 09:57
Елімізде террорлық шабуылға тосқауыл қойылды – ҰҚК
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысында елімізде террорлық шабуылға тосқауыл қойылғанын айтты.

Комитет төрағасы жыл басынан бері терроризм мен экстремизмге қатысы бар 26 адамның сотталғанын атап өтті. Оның айтуынша, экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруіне жол берілмеген. Елімізге тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелгені үшін 19 шетелдік жауапқа тартылды. Сондай-ақ 356 терроризмге қарсы оқу іс-шарасы өткізілді.

Сонымен бірге отырыста Ермек Сағымбаев лаңкестер шабуылының алдын алу үшін ІІМ мен ҰҚК халық көп жиналатын орындарды тексеріп жатқанын, биыл 3 мыңнан аса тексеру болғанын ескертті.

Отырыста Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Оқу-ағарту министрліктерінің және бірқатар өңір басшыларының есебі тыңдалды.

Жиында елдегі маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту шаралары талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты шешімдер қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама