Halyq Uni логотип
×

Шымкентте 24 млн теңге субсидия қайтарылды

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды

 Дастан Жұмабекұлы 12.06.2024 | 17:53
Шымкентте 24 млн теңге субсидия қайтарылды
Фото: world-nan.kz

Шымкент қаласының прокуратурасы ауыл шаруашылығы саласында өрескел заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады қала прокуратурасы.

Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің сүт өнімінің құнын азайту бойынша ұсынған өтінімдерінде жалған ақпарат беру арқылы субсидияларды заңсыз алу фактілері анықталды.

Қала прокуратурасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты 12 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа жолдады. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 6 лауазым иесі, оның ішінде басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде мемлекет кірісіне 24 млн теңге өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама