Кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылып келген
Қадағалау қызметі шеңберінде 19 кәсіпкердің құқығы қорғалды
Астана қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі шеңберінде 19 кәсіпкердің құқығы қорғалғанын хабарлады.
Оларды уәкілетті орган 60 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартқан.
Мысалы, уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша тексеру жүргізбей және заң бұзушылықты өз бетінше жою құқығын бермей, кәсіпкерді 14,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартып келген, – делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша уәкілетті органның қаулылары жойылды. Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.