Halyq Uni логотип
×

Ұлытау облысында мемлекетке заңсыз сатылған қызметтік автокөлік қайтарылды

Қаражал қаласының әкімдігі «LADA-21214-187» көлігін сатып жіберген

 Дастан Жұмабекұлы 12.06.2024 | 17:14
Ұлытау облысында мемлекетке заңсыз сатылған қызметтік автокөлік қайтарылды
Фото: kolesa.kz

Қаражал қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүліктерді сақтау туралы заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Ұлытау облысының прокуратурасы.

Атап айтқанда, Қаражал қаласы әкімдігінің «LADA-21214-187» қызметтік автокөлігін сатып жібергені анықталды. Осыған байланысты прокуратура қала әкімдігінің жауапты қызметкерлерін сотқа дейін тергеп, шығын толық өтелген соң тергеу ісі азайтылды, – делінген хабарламада.

Қызметтік автокөлік мемлекетке қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама