Жазғы ойындарға 44 күн қалды
Бүгін Астанадағы Олимпиадаға дайындық штабында кезекті басқосу өтті.
Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт журналистикасының ардагерлері қатысып, штаб өкілдерімен бірге ұлттық құраманың алдағы бас додаға дайындығын пысықтады.
Қонақтар қатарында дүниежүзілік және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, қоян-қолтық ұрыстан республикалық федерация басшысы Абай Тасболатов, 1972 жылғы Мюнхень Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор Абоимов, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит, әлем чемпионы Мерей Ақшалов, сондай- ақ спорт журналистикасының ардагерлері Жүсіп Хисымов, Несіп Жүнісбай, Оңдасын Елубай, Қыдырбек Рысбек, Ғалым Қожабек пен басқа азаматтар қатысты.
Көкейде жүрген көптеген мәселе талқыланып, қызықты сұрақтар қойылды. Штаб қызметкерлері кең көлемде ақпарат беріп, атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Қазір ел қоржынында спорттың 22 түрінен 71 жолдама бар. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасып жатыр.