×

Астанада жасөспірім көршісінің пәтеріне ұрлыққа түскен

Ол жоғалған кілтті тауып алған

 Дастан Жұмабекұлы 12.06.2024 | 15:00
Фото: Halyq Uni

Астанада жасөспірім жоғалған кілтті тауып алып, көршісінің пәтерінен ұрлық жасаған.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, өзінің пәтерінен қолма-қол ақша мен алтын бұйымдарының ұрланғанын айтып арыздарнған. Жәбірленушінің айтуынша, оған 1,5 млн теңге көлемінде шығын келген. Ол ұрлықтың алдында пәтерінің кілтін жоғалтып алған.

Нұра ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызынан кейін 14 жастағы жасөспірімді ұстады. Тергеу кезінде кәмелетке толмаған баланың жоғалған кілтті ауладан тауып алып, көршісінің бірнеше күн бойы кілтті іздеп жүргенін білгені анықталды.

Жасөспірім қолайлы сәтті күтіп, жәбірленушінің үйінен гауһар тасы бар алтын алқа мен 2 алтын жүзікті, алтын сырғаны және қолма-қол ақшаны жымқырып кеткен. Қолды қылған зергерлік бұйымдарды танысы арқылы ломбардқа өткізген.

Осы қылмысқа қатысты іс қозғалды. Кәмелетке толмаған бала заңды өкіліне тапсырылды. Астана қаласының полиция департаменті ата-аналарға балалардың тәрбиесі мен жүрген жерін бақылауды, оларды кешкі уақытта үйден тыс жерге жібермеуді еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама