Ол өз әрекетін жасыруға тырысқан
Қостанайда соттың шешімімен әскери қызметшіні ұрып-соққан полполковник жұмыстан қуылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшылық қызметте болған Қостанай гарнизонының подполковник шеніндегі Д.-ға қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Басшылық қызметті атқару барысында Д. тікелей басшысының және басқа да қызметкерлердің көзінше қарамағындағы А.-ны ұрып-соққан. Салдарынан жәбірленуші көптеген дене жарақатын алған. Осылайша, полполковник өз өкілеттілігін асыра пайдаланған.
«Ақмола гарнизонының әскери соты 2024 жылғы 23 мамырда әскери қызметші Д.-ны Қылмыстық кодекстің 451-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.
Полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков бұл іске қатысы бар әскерилердің жауапқа тартылғанын атап өтті.
Зардап шеккен әскери қызметшінің басшысы Д. бұл фактіні жасырып, сондай-ақ әскери қызметші А.-ны көзден таса ұстауға тырысқан. Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес, шағымды қарау аясында Д. басшы қызметінен босатылып, кінәлілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деді ол.