Halyq Uni логотип
×

Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді

Ұлттық құрылтай 2022 жылдың маусымында құрылды

 Халық үні 12.06.2024 | 11:55
Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді
Фото: akorda.kz

Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, «Отандастар» қорының президенті Данияр Қадыров, «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков қосылды.

Ұлттық құрылтай құрамынан Арман Қашқынбеков, Денис Кривошеев, Абзал Сапарбекұлы шығарылды.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтай Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2022 жылдың маусымында құрылды. Ол консультативтік-кеңесші орган. Негізгі мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар мен қадамдар әзірлеу.

Оның міндеттеріне жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, жұртшылық, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдар өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама