Halyq Uni логотип
×

«Жаңартуға 80 млрд теңге қажет». Еліміздегі әрбір төртінші лифт – ескі

Ақтөбедегі 9 қабатты үйдің тұрғындары екінші жыл лифтсіз тұрып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 12.06.2024 | 09:15
«Жаңартуға 80 млрд теңге қажет». Еліміздегі әрбір төртінші лифт – ескі
фото: triptonkosti.ru

Қазақстандағы әрбір төртінші лифт қауіпті. Ұлттық лифттер қауымдастығының мәліметінше, көп лифт жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Лифттің қызмет ету мерзімі – 25 жыл, ал көпшілігінің тұрғанына 25 жылдан асып кеткен. Мысалы, Ақтөбедегі 9 қабатты үйдің тұрғындары екінші жыл лифтсіз тұрып жатыр. 43 жыл жұмыс істеген лифт істен шыққан. Сондықтан ол қауіпсіздік мақсатында өшірілді. Енді ерекше қажеттілігі барлар мен зейнеткерлер көшеге аптасына бір рет, тіпті одан да сирек шығады.

Әрине, қиын. 6-қабатта екі балдаққа сүйеніп жүретін әйел тұрады. Оны үйдің жанына әкеліп тастаған. Ол аяқ киімін шешіп, үйге жорғалап барған. 6-қабатқа жеткенде құлап қалған. Жақындары келіп көтергенше, ол бір сағат жерде жатты, – дейді қала тұрғыны Валентина Кашлева.

Жалпы, қазір Ақтөбеде ескірген 338 лифт бар екен. Олардың жұмысын бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктелді.

2 жыл бұрын модернизацияға өтінім берілді. Құжаттар жиналды. Барлығы дайын. Енді республикалық қаржыландыруды күтіп отырмыз дейді. Адамдар қиналып жатыр. Жедел жәрдемге де қиын, олар бір әжені 8-қабаттан әрең түсірген еді, – дейді үй төрағасы Молдыбай Молдагереев.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне бір ғана Ақтөбеден қаржыландыруға 118 өтініш түскен. Лифттерді жаңартуға 1 миллиард 118 миллион теңге қажет. Тұрғындар биыл қаржыландыруға үміттенгенімен, қолайсыз жағдай болды.

Беларусьте жасалған лифттер. Өткен жылы олардың құны 9,1 миллион теңге болды. Бір лифт үшін 12 миллионға дейін. Қаладағы көптеген лифттің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Бұл үйлерде жиналыстар өтіп, тұрғындардың хаттамалары мен келісімдері негізінде құжаттарын дайындап жатырмыз, – деп мәлімдеді тұрғын үй инспекциясы бөлімінің секторы басшысы Нұржан Нағынымбетов.

Айта кетсек, Қазақстан бойынша 6 700 лифтіні жаңғыртуға қауымдастықтың есебі бойынша шамамен 80 миллиард теңге қажет. Елімізде барлығы 30 мыңға жуық тұрғын үй лифтілері бар. Ал коммерциялық және мемлекеттік мекемелерде – 15 мың.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама