×

Референдум: шетелдегі соңғы дауыс беру учаскелері жабылды

8 миллионнан аса қазақстандық өз таңдауын жасады

 Дәурен Ерболат 06.06.2022 | 09:44

Астана уақыты бойынша таңғы сағат 6-да АҚШ пен Канададағы соңғы дауыс беру учаскелері жабылды, деп хабарлайды Telegram-дағы referendum2022_kz арнасы.

«Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 06:00-де Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавада дауыс беруге арналған учаскелер жабылды. Осылайша Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум аяқталды», - деп жазылған хабарламада.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шетелдегі 65 сайлау учаскесінде дауыс беру көрсеткіші – 72,95%.

Жалпы Қазақстанда 8 миллионнан аса адам дауыс берді. Бұл – сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 68,44 %-ы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама