Halyq Uni логотип
×

«Астана-Бурабай» тасжолында жүргізушілер 230 км/сағат жылдамдықмен жүреді – министр

Жылдамдықты азайту ұсынысын депутаттар қолдаған

 Дәурен Ерболат 11.06.2024 | 17:53
«Астана-Бурабай» тасжолында жүргізушілер 230 км/сағат жылдамдықмен жүреді – министр
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда көлік апаты жиі болмас үшін «орташа жылдамдық» түсінігі енгізіледі. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Астана-Бурабай тасжолында жүргізушілер сағатына 230 жылдамдықпен жүрген. Мәжілісте бізді депутаттар қолдады. Енді (заңға) «орташа жылдамдық» деген түсінікті енгіземіз. Мысалы, автобанда жүргізуші А нүктесінен В нүктесіне дейін «орташа жылдамдықты», яғни сағатына 110-130 жылдамдықы сақтауға тиіс, - деді Марат Қарабаев министрлікте өткен баспассөз мәслихатында.

Заңға бағынбаған жүргізушілер жауапқа тартылады.

Егер жылдамдық жоғары болса, онда жүргізуші заң бойынша жауапқа тартылады. Осы шара азаматтардың өмірін сақтауға айтарлықтай септігін тигізеді. Әрине, біз үшін әрбір адамның өмірі маңызды. Сондықтан (заңға) осындай түсінікті енгізгелі жатырмыз, - деді министр.

Заң жобасы талқыланып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама