«Ауылбай» болу – мақтаныш, абырой - Олжас Сүлейменов
Жақсы сөз ғой. «Ауыл» және «бай»
«Qazaqstan team» республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов онлайн марафонда «ауылбай» сөзі бренд екенін айтты. Оның сөзін baq.kz тілшісі жазып алған.
«Ауылбай» болу – мақтаныш, абырой. Мен мұны жиі айтып жүремін. Бұл сөзді жаман деп айтуды тоқтату керек. Жақсы сөз ғой. «Ауыл» және «бай». Бұл екі сөздің түбірі де жақсы сөздер. Сондықтан берер мағынасы да ерекше. Сол себептен «ауылбай» болудан ұялып, тартынудың қажеті жоқ. Бұл сөз – бренд», - дейді саясаттанушы.
Осы орайда ол елордада 8-қабаттан 3 жасар қызды құтқарып қалған Сәбит пен Сағиды мысалға келтірді.
«Бұл жігіттер – ауылдан шыққан жастар. Олар қалаға ақша табу үшін келген. Кейде біз осындай ауыл жастарын бағаламай жатамыз. Мұндай ауыл жастарының бойында адамгершілік қасиеттері жоғары. Қаланың жастары маған ренжи қоймас», - деді Олжас Сүлейменов онлайн марафонда.