Атырауда ашулы тұрғын көлігін сырып кеткен зейнеткерді ұрып өлтірді
Атырау облысының полициясы базарындағы адам өліміне қатысты ақпарат таратты
Атырау облысындағы базарлардың бірінде «Газель» көлігін мінген Амандық Сағынғалиев есімді зейнеткер Мұхтар Ахмедов деген азаматтың «Мерседес» көлігінің есігін сырып кеткен. Сол жерде жанжал басталып, «Мерседес» иесі «Газель» жүргізушісін бірнеше рет соққының астына алған.
Әлеуметтік желіде тараған видео мен ақпаратқа сенсек, «Мерседес» иесі әлі жасы 40-қа толмаған азамат, ал «Газель» иесі (марқұм) жасы 70-ке таяп қалған егде кісі.
Видеодан көргеніміздей, «Газель» жүргізушісі қанша соққы тисе де жауап қатпайды. Алайда, ол өзінен көп жас кіші азаматтың соңғы ауыр соққысынан кейін ол есін жия алмай, артынан қайтыс болған.
Әлеуметтік желіде Атырау базарындағы жанжалдасқан екі тұрғынның видеосы тарады. Артынан екі адамның фотосуреті де жарияланды. Желідегі жазбаға сенсек, қайтыс болған адам Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауданының тұрғыны (Атырау обоысы) Амандық Сағынғазиев.
Желідегі жазбалардың бірінде «Марқұм көлігімен сақалды азаматтың көлігін сәл ғана сызып кеткен. Ақырында ашуға мінген сақалды оны ұрып өлтірген» деп жазылған.
Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.
Полицияның мәлімдеуінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. Жәбірленуші алған дене жарақаттарынан ауруханада қаза тапқан. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.