×

Атырауда соққыға жығылған ер адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Жәбірленуші алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада жан тапсырған

 Еркеғали Болатұлы 11.06.2024 | 16:25
фото: yandex.ru/images

Бүгін әлеуметтік желіде Атыраудағы базарлардың біріндегі бейнебақылау камерасынан ер адамдар арасындағы жанжал түсірілген видео тарады, деп хабарлады «Ақжайық».

Атырау облыстық полиция департаментінің өкілдері дене жарақатын алған адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. Жәбірленуші алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болған, - деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама