×

Атырау облысында су тасқыны кезінде 2 мыңға жуық бала дүниеге келді

Маңғыстау өңірінде Құлсары қаласынан эвакуцияланған 8 әйел де босанған

 Дастан Жұмабекұлы 11.06.2024 | 14:28
Фото: https://t.me/tvalmaty

Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай кезінде 1 846 бала дүниеге келді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 961 ұл мен 885 қыз туған.

Маңғыстау облысында төтенше жағдай кезінде Құлсары қаласынан эвакуцияланған 8 әйел де босанған.

5-7 сәуір аралығында Бейнеу аудандық перзентханасында 6 бала туған. 8 сәуірде Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында 1 нәресте дүние есігін ашқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама