×

«Абылай ханның атының тісі нешеу?». Орталық басшылары мұндай сұрақтың ешқашан ҰБТ базасында болмағанын айтты

Биыл ҰБТ басталғаннан бері 70 мыңнан астам адам тест тапсырды

 Ербол Тұрымбет 11.06.2024 | 11:44

Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Әбдісатарқызы мен «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов (Ұлттық тестілеу орталығының экс-директоры) Halyq Uni подкастында қонақ болып, ҰБТ төңірегіндегі соңғы өзгерістер жайлы әңгіме қозғады.

Сарапшылар ҰБТ сұрақтарының сапасы туралы ойын ортаға салды. Мәселен, ҰБТ-да «Абылай ханның астындағы атының тісі қанша?», «Роза Рымбаеваның алғаш концертке киіп шыққан көйлегінің түсі қандай?» деген сұрақтар кездесетіні айтылады.

Ұлттық тестілеу орталығының экс-директоры Дидар Смағұлов Абылай ханның атына қатысты сұрақ ҰБТ базасында ешқашан болмағанын мәлімдеді.

Мұндай сұрақ мүлдем болған жоқ. Ресми түрде мәлімдеймін. Ешқашан базада болмаған. Өйткені ҰБТ-дағы әрбір сұрақ екі рет сараптамадан өтеді. Мұндай сұрақ ҰБТ-ға дайындайтын жеке орталықтардың тестінде болған. Оны талапкер үйіне әкелген, сосын ата-анасы мәселе етіп көтерген, - дейді Дидар Сұмағұлов.

Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Әбдісатарқызы Роза Рымбаеваның көйлегінің түсіне қатысты сұрақтың ҰБТ базасында болуы мүмкін емес деп есептейді.

ҰБТ-ға дайындықты қашан және қалай бастаған дұрыс? Тест тапсырушы телефон мен «шпаргалка» алып кірген жағдайда не болады? Талапкер орнына бөгде адам кірсе ше? Талапкер жеңіп алған грантынан қандай жағдайда айырылып қалуы мүмкін? Сарапшылар осы және өзге де сұрақтарға жауап беріп, ҰБТ айналасындағы проблемаларға тоқталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама