Астанада 25-тен астам велотехника ұрлаған кәнігі ұры ұсталды
Жыл басынан бері елімізде 880 велосипед ұрлығы тіркелді, деп мәлімдеді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Маусымдық қылмыстардың тағы бір түрі – велосипед ұрлығы. Велосипед ұрлығы әдетте екі дөңгелекті көлік иелерінің немқұрайлылығынан болып жатады. 2023 жылы республика аумағында 2 528 велосипед ұрлығы тіркелді. Ал биыл 5 айда осындай 880 қылмыс жасалып отыр. Мысалы, былтыр Астанада 25-тен астам велотехника ұрлаған кәнігі ұры ұсталды. Барлық жағдайда қылмыскер дұрыс бекітілмеген және қараусыз қалған велосипедтерді қолды еткен, - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, көпқабатты үйлердің кіреберісі қауіпсіз орын емес.
«Статистикаға сүйенсек, керісінше, көпқабатты үйдің кіреберістері велосипед жиі ұрланатын жер саналады», - деді Шыңғыс Алекешев.