Halyq Uni логотип
×

Алматыда қайырымдылық қорына қатысты іс қозғалды

Прокуратура 26 мекеменің заңсыз қызмет еткенін анықтады

 Дастан Жұмабекұлы 11.06.2024 | 11:11
Алматыда қайырымдылық қорына қатысты іс қозғалды
Фото: Halyq Uni

Алматы қаласының прокуратурасы мамыр айында «Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелерінің қауымдастығына қарасты 26 мекеменің заңсыз қызмет еткенін анықтады, деп хабарлады ведомство.

Мекемелер жарғы талабына сай жұмыс істемеген. Сонымен бірге балаларды лицензиясыз оқытып, уақтылы медициналық көмек бермеген.

Тексеру кезінде мекемелердің діни бағытта жұмыс істегені анықталды. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы бұл мекемелермен жасалған меморандумды біржақты үзгенін растады, –делінген хабарламада.

Заң нормаларын бұзған бірқатар мекеме мен олардың басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Іске кәмелетке толмаған балаларды өз-өзіне қол жұмсауға жеткізгені, тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни араздықты қоздырғаны, мекемелерден сот экстремистік және террористік деп таныған әдебиеттердің табылғаны атап көрсетілген.

Қазір мекемелерде тұрған балаларды отбасыларына қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама