Алайда соңғы 10 күнде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 8 азамат суға кеткен
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары шомылу маусымы басталғалы бері 13 адамды ажалдан аман алып қалды. Алайда соңғы 10 күнде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 8 азамат суға кеткен. Соның ішінде кәмелет жасына толмаған 4 бала болған, деп хабарлады ведомство.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді және өзен мен көлде сағат сайын рейд жүргізуді тапсырды.
Бүгін Астанада ведомство басшысы Есіл өзенінің жағалау бойын тексеріп, қаланың жедел құтқару жасағына бірқатар нақты тапсырмалар берді.