Жасанды интеллектінің медицинадағы рөлі: диагноз қою мерзімін қысқарту, талдау жасауды жылдамдату
Денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу туралы
Қазір жасанды инттелект мүмкіндіктерінің дамығаны сонша, мұндай қондырғылар диагнозды нақты тауып, жоғары дәлдікпен нәтиже бере алады. Аурулар мен дәрі-дәрмек бойынша деректер базаларын қолдану арқылы жасанды инттелект чиптері әдістемелерге бір топ дәрігерге қарағанда жылдам талдау жасай алады.
Нейрожелінің дамуы шетелде қарқын алып келеді. Мысалы, Ресейде медицина саласында жасанды интеллекті қолдану аясында төрт жоба әзірленген. Бұл жобалар адам ауруын анализдер арқылы танып қана қоймай, пациенттерді емдеу бойынша жоспарды да белгілей алады. Қазақстандық әзірлеушілер бұл бағытта тіптен ілгерілеп кетті. Олар халыққа дәрігер емес, жасанды инттелект консультация беретін сервис ойлап тапты. Бұл қадамның екінші жағы бар: жұмыс орындардың саны азаюы мүмкін.
Orbis research зерттеу ұйымның деректері бойынша әлемдегі бір миллиард адам негізгі медициналық қызметтерге қол жеткізе алмайды. Бұл жайт жаһандағы экономикалық өсуді тежеп, өмір сүру сапасын төмендетеді. Денсаулық сақтау жүйесінің жалпы әлеуетін арттыру арқылы ғана қызметтерге қол жетімділікті жақсартуға болады. Мәселені шешудің бір жолы ретінде медицина қызметкерлерінің штатын кеңейту. Алайда мамандарды көптеп жаппай дайындау үшін көп ресурс пен уақыт қажет, сонымен қатар оны жүзеге асыру қиын. Тағы бір жолы – қолданыстағы персонал есебінен тиімділікті арттыру арқылы әлеуетті көтеру. Бірақ бұл бағытта өз қиындықтары бар.
Сондықтан қазір ең оңтайлы шешім – денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу.
МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІ
2021 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) денсаулық сақтау саласындағы этика және жасанды инттелектіні қолдануға кіріспе бойынша әдістемелік баяндама дайындады. Онда «Денсаулық сақтау қызметкерлері мен пациенттердің арақатынасы бай аймақтарға қарағанда әлдеқайда төмен дамыған елдерде жесанды интеллектіге қажеттілігі жоғары болуы мүмкін» делінген.
ДДҰ мәліметтері бойынша АҚШ-та әр он мың адамға 36 дәрігерден, Ұлыбританияда шамамен 32 дәрігер қарастырылған болса, ал Үндістанда 10 000 адамға небәрі 7 дәрігерден келеді екен.
Mordor Intelligence зерттеу ұйымының медицинадағы жасанды интеллект нарығының мөлшері мен үлесін талдауда 2024 жылы медицинадағы жасанды интеллект нарығының көлемі 11,66 млрд долларға бағаланып, 2029 жылға қарай 36,79 млрд долларға жететіні хабарланған.
Жаһандағы өсіп келе жатқан гериатриялық халық, өзгеріп кеткен өмір салты мен созылмалы аурулардың қатты таралуы адам ауруын диагностикалау және аураларды бастапқы кезеңде тереңінен білуге қажеттілктің күрт өскеніне әсер етті, - деп жазылған есепте.
Қазіргі кезде науқас талдауларын тез әрі сапалы өңдеуден бастап, денсаулық сақтаудағы шығындарды оңтайландыруға дейін түрлі факторлар нарыққа әсер етеді. Сарапшылар бұл нарық түрлі мүмкіндіктердің пайда болуы салдарынан өсе береді деп болжайды. Мысалы, жасанды интеллект технологияларын пайдаланумен егде тартқан адамдарды күту, зерттеулерді дамыту үшін деректерді алу үшін визуализация және диагностика саласында өзгеріс болады.
ШЕШІМДЕР МЕН КЕЙСТЕР
Денсаулық сақтаудың жаңа бизнес-моделінде басымдық пациентке беріледі. Өйткені қазіргі кезде медициналық мекемелердің мәліметтер базасына жасанды интеллект, Заттар интернеті және машиналық оқытудың интеграциясы болуы ықтимал. Бұл ілгерілеу жеке емдеу бағдарламаларын құру, ықтимал аурулардың алдын алу және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәсіл ресурстарды тиімдірек пайдалану және медициналық көмекті жақсырақ үйлестіру арқылы жалпы денсаулық сақтау шығындарын азайтады. Пациенттер кез келген денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мақсаты – жақсы және қолжетімді ем алады.
2023 жылы Дартумда Дәл медицина және жасанды интеллект орталығы (CPHAI) ашылды. Мұндай орталықтың мақсаты – жасанды интеллект пен биомедициналық деректер дәл медицина мен денсаулық сақтау нәтижелерін қалай жақсарта алатыны жайында пәнаралық зерттеулерді ілгерілету. Орталықтың зерттеу мақсаты медицинада жасанды интеллектіні қолдану саласындағы қатаң этикалық нормаларды сақтай отырып, қоғамдық денсаулықты жақсарту және медициналық көмекті қамтамасыз ету.
2022 жылы ModMed медициналық технологиялар саласындағы инновациялық компания жаңа жүйені таныстырды. Бұл жүйе зерттеуді құжаттау кезінде дәрігерлердің уақытын үнемдеуге арналған. Бұл шара дәрігерлерге жұмыста пациентке көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Orbis зерттеулері жасанды инттелект арқылы медицианлық қызметкерлер аз уақыт ішінде пациенттерді көбірек қабылдай алатынын көрсетті. Бұл ретте қызмет көрсету сапасы түспейді. Іс жүзінде жасанды интеллект диабет ретинопатия анықтауда тиімді екенін көрсетті. Осылайша медицина қызметкерлерінің тиімділігі бюірден 40 пайызға артқан!
Deep Eye Care Foundation қорының Бангладештегі көздің ішкі тор қабығын емдеу жөніндегі арнайы клиникасында бес ай бойы зерттеу жүргізілді. Зертртеуге 2 мыңнан аса пациент қатысты. Пациенттер бірнеше топқа бөлінді. Бір топ пациент ЖИ-скринингі нәтижесіне қарамастан маман көмегіне жүгінуді жалғастырды. Келесі бір топ автономды ЖИ диабет ретинопатиясын анықтамаса, дәрігерге жүгінбеген.
Медицина саласында нейрожелілерді сәтті пайдалану мысалдарының бірі ретінде Checkdoc диагностикалау сервисін атауға болады. Бұл сервис Қазақстанда 2021 жылы іске қосылған. Осы сервис көмегімен үйден шықпай-ақ сапалы онлайн-консультацияны алуға болады. Ең қызығы, пациентке консультацияны дәрігер емес, нейрожелі береді. Осындай сервисті әзірлеу идеясының авторы – кәсіпкер әйел Тоты Сманова.
Отандық медицинада нейрожелі пайда болуына қуанып жатқан дәрігер аз. Кейбер мамандар процестерді автоматтау жұмыс орындарын қысқартып, кәсіпқойлықты жояды деп алаңдайды. Менің пікірімше, ЖИ мақсаты дәрігерді алмастыру емес, оларға диагностикалауда процестерді жеңілдетуге көмектесу, - деді кәсіпкер.
CHECKDOC ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Пайдаланушы ai.checkdoc.kz сервисінің сайтына кіріп, форма бойынша бос жолақтарды толтырып, денсаулығындағы проблемаларды сипаттауы керек. Нейрожелі ұсынылған ақпаратты талдап, пациентке тағы бірнеше нақты сұрақ қояды. Нейрожелі қоятын сұрақтар дәрігер қоятын сұрақтан көбірек болып шықты. Адам денсаулығындағы проблемаға егжей-тегжей үңілу арқылы нейрожелі нақтылығы 90 пайызға жететін тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Әрі қарай нейрожелі пациентке қандай маман көмегіне жүгінуі керек, қандай талдау жасау керегін айтады. ЖИ пациентке тіпті осындай талдау Checkdoc сервисінде бағасы қанша болатынын да хабарлайды.
Сервистегі консультация барысы:
Шешімді адам емес, компьютер қабылдайтын жасанды интеллект емхана өнімділігін арттыра алады. Мұндай жүйелер АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) медициналық қызметте пайдалану үшін қауіпсіз және тиімді деп таныды, - деді Тоты Сманова.
Қазір Checkdoc жобасына халықаралық инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Сервистің дамуына Дубайдың Almak Capital қоры 250 мың доллар инвестиция салды. Бұл қаражат сервистегі технологиялық бөлікті пысықтауға жұмсалады.
Тұтастай алғанда шетелдік сарапшылар әлем бойынша медицинада жасанды интеллекті қолданатын қосымшалар мен қызметтердің саны артады деп болжайды. ЖИ – қазір сұранысқа ең көп ие ниша.