×

Жетісу облысында дизель отыны заңсыз сатыла жаздаған

100-ден аса лауазым иелері жауапқа тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 10.06.2024 | 16:33
Фото: gov.kz

Жетісу облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу кезінде 3 млрд теңгеден астам сомадағы бұзушылықтардың алдын алды, деп хабарлады өңірлік прокуратура.

Прокурорлар Алакөл аудандық білім бөлімінің дизель отынын сатып алуға адал бәсекелестік қағидатын бұзуына байланысты мемлекеттік сатып алудың күшін жойды.

Тапсырыс берушімен техникалық спецификацияда сатып алынатын дизельдік отын 2018 жылдан бастап елге әкелуге тыйым салынған К2 нормасына (жанармайдың экологиялық класы) сәйкес келу қажеттілігі туралы негізсіз көрсетілген.

Сонымен қатар басқа аймақтарда да (Кербұлақ, Көксу, Сарқан, Ақсу, Қаратал, Панфилов аудандары) ұқсас конкурстар кезінде 2,3 млрд теңгенің бұзушылықтары анықталған.

Қадағалау актісі бойынша конкурстар жойылып, кінәлі лауазым иелері жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары 11 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша заңсыз конкурстардың күшін жойып, 100-ден астам лауазым иесін түрлі жауапкершілікке тартқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама