Halyq Uni логотип
×

Борышкерлер алимент төлемей, 73 млн теңге пайдасын жасырған

Тағы бір адам 2,5 млн теңге берешегі бола тұра, қағаз жүзінде 85 мың теңге жалақыға жұмысқа орналасқан

 Дастан Жұмабекұлы 10.06.2024 | 15:39
Борышкерлер алимент төлемей, 73 млн теңге пайдасын жасырған
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында прокурорлар алимент төлемей жүрген 13 борышкердің 73,3 млн теңге пайда тауып, ақшаны жасырғанын анықтады.

Атап айтқанда, алимент бойынша борышкер А. 2023-2024 жылдары букмекерлік кеңсенің өзінің жеке шотына бәс тігу үшін 45,7 млн теңге салған.

Атқарушылық құжат бойынша 2,5 млн теңге берешегі бола тұра, сырт көзге өз міндетін орындап жатқанын көрсету мақсатында борышкер А. қағаз жүзінде 85 мың теңге жалақыға жұмысқа орналасқан.

Осы қылмысқа қатысты прокуратуралар ҚР ҚК-нің 139-бабымен («Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау») тергеп-тексеруді бастады.

Жыл басынан бері прокурорлардың бастамасымен 21 борышкер тергеліп жатыр. 13 іс бойынша сот үкімі шықты. Қалғандары тергелуде.

Прокуратура алимент төлемеудің құқықтық салдары туралы қатаң ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама