Алматы-Өскемен тасжолында бір көліктегі 5 адам қаза тапты
12 жастағы ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді
Алматы-Өскемен тасжолының 55-шақырымында 5 адамның өліміне себепші болған жол көлік апаты тіркелді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен 4 жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.