×

Павлодар облысында 191 шетелдік жауапкершілікке тартылды

Шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған 73 қабылдаушы да жазаланды

 Еркеғали Болатұлы 10.06.2024 | 11:20
фото: 63ch.ru

Еңбек мигранттарын пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан, жосықсыз жұмыс берушілердің көші-қон заңнамасын бұзуы көбейіп жатыр.

Төрт күн ішінде «Заңсыз келуші» ЖПІШ заңсыз еңбек қызметін іске асырғаны үшін 81 шетелдік пен 23 жұмыс берушіні анықтады.

Мысалы, Павлодар қаласындағы тұрғын үйдің бір құрылыс объектісінде жұмыс істеу барысында шетелдік 11 азамат анықталып, ұсталды. Олар рұқсат құжаттарынсыз елордалық құрылыс ЖШС-нің бірінің әрлеушісі ретінде заңсыз еңбек қызметін көрсеткен. Осы факті бойынша ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Сонымен қатар шетелдік 4 азамат ұсталды. Олар уәкілетті органның рұқсатынсыз қалалық ЖК-нің бірінде жұмысшы ретінде заңсыз еңбек қызметін іске асырған.

Қазір жеке кәсіпкерге қатысты ҚР көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды.

Өзбекстан Республикасының 3 азаматына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және біреуіне елден шығару түрінде жаза қолданылды. Жалпы, іс-шараның 4 күні ішінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 191 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін 73 қабылдаушы жауапқа тартылды.

Сотқа 136 материал жіберілді. Оның ішінде әкімшілік материалдар – 134. Қарау нәтижелері бойынша ТМД-ның 20 азаматына қатысты оларды елден шығару туралы шешім қабылданды. 32 шетелдіктің елде болу мерзімі қысқартылды, – деп мәлімдеді ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама