×

Жазғы Kaspi Жұма 21, 22 және 23 маусымда өтеді

Іс-шараға шағын және орта бизнестің он мыңдаған компаниясы қатысады

 Халық үні 10.06.2024 | 10:30
көрнекі фото: kaspi.kz

21-23 маусымда Қазақстанда қазақстандықтардың сүйікті Kaspi.kz-тің тиімді сатып алу мерекесі – Kaspi Жұма тағы өткізіледі.  

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе қазақстандық және халықаралық жетекші брендтер қатысатынын мәлімдеді.

«Жаз - әрқайсымыз үшін белсенді маусым. Сүйікті клиенттеріміз үйлеріне жөндеу жүргізеді, саяжайларын абаттандырады, спортпен шұғылданады, отбасымен және достарымен демалысқа аттанады. Сондықтан Kaspi Жұманы жазда өткізейік деп шештік. Мерекеге дәстүрлі түрде қазақстандық және халықаралық жетекші брендтер, сондай-ақ бүкіл ел бойынша үздік дүкендер қатысады. Сүйікті клиенттеріміздің тиімді сатып алуына, серіктестеріміздің керемет сатуына тілектеспіз!», - деді банк басшысы.

Саяжай бассейндерін, мангалды, ыдысты, велосипед пен роликті, ең жақсы курорттарға тиімді турларды, сондай-ақ құрылыс тауарларын, тұрмыстық техниканы, электрониканы, киімді, аяқкиімді, әшекей бұйымдарды және тағы басқасын Kaspi Жұмада еліміздің танымал дүкендерінен және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен сатып алуға болады. Сатып алушыларға сатып алған заттарын есігіне дейін немесе жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа тегін жеткізеді.

Мерекеге шағын және орта бизнестің он мыңдаған компаниясы, сондай-ақ Adidas, ADILI, Alina Group, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Intertop, Invictus, Қазақювелир, Kari, KIMEX, Комфорт, Мечта, Mon Amie, Leroy Merlin, Nike, Pandora, Qazaq Republic, RESPECT, Sportmaster, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit, 12 МЕСЯЦЕВ сияқты жетекші қазақстандық және әлемдік брендтер және тағы басқасы қатысады.

Әр Kaspi Жұмаға қазақстандық кәсіпкерлер – Kaspi.kz-тің серіктестері көптеп қатысып жатыр. Отандық компаниялар үшін бұл сату көлемін бірнеше есеге арттыруға, дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама