×

Суицид жасаған сарбаздың әскери ант қабылдап жатқан сәтінен видео жарияланды

Алдын-ала болжам бойынша суицидке отбасы жағдайы себеп болған

коллаж: Halyq Uni

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде жүрген жерінен белдігіне асылып қайтыс болған сарбаздың әскери ант қабылдаған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Марқұмның естелік бейнежазбасын ағасы Нұржаусын Тешебай редакциямызға жолдады. Кадрдан оның әскери ант мәтінін мүдірмей оқып тұрған сәтін көруге болады. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударып, осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырғаны хабарланды.

Тағы оқи отырыңыз: «Ақша сұрауды Бейнеуге ауысқалы бастады». Қайтыс болған сарбаздың ағасына офицерлер қысым жасап жатыр

Серіктес жаңалықтары

Сараптама