×

Қарағанды облысында қылмыстық топ тұрғындардан 14 пәтерді тартып алған

Топтың белсенді бір мүшесі – деструктивті діни ағымның жақтаушысы

 Еркеғали Болатұлы 10.06.2024 | 10:36
фото: Halyq Uni

Қарағанды облысында адамдарды қорқыту арқылы 14 пәтерді заңсыз рәсімдеп алған қылмыстық топ ұсталды.

Топ құрамында заңгерлер, адвокаттар және нотариус болған. Олар қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету арқылы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдардың мүліктері мен пәтерлерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан.

Осылайша, 14 пәтерді заңсыз рәсімдеген. Қылмыстық топтың белсенді бір мүшесі деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шықты, - дейді полицейлер.

Тінту кезінде әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың көптеген құжаттары тәркіленді. Қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр. Осы қылмыс үшін 3 жылдан 7жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама