Halyq Uni логотип
×

«Біз ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы қажетті қол санын жинады

Тиісті министрлік бұл мәселені қарауға алды

 Қымбат Елтайқызы 09.06.2024 | 19:30
«Біз ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы қажетті қол санын жинады
фото: Halyq Uni

E-Petition.kz ресми порталында «Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол санын жинады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі – оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды, – дейді Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Министрлік мүдделі тараптар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

ҚМДБ ЛГБТ-ны насихаттайтын мультфильмнің прокатына қарсы үн қатты. ЛГБТ, ұлттық идеология: Көлгінов Назаровқа жауап берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама