Жолаушы сақшыларға қарсылық көрсеткен
Оралда көліктегі мас жолаушы полицейлерге кедергі келтірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
8 маусым күні таңертең патрульдік полиция Ихсанов көшесінде Lexus автокөлігін тоқтатады. Автокөлік жүргізушісі және оның жолаушысы екеуі де мас күйінде болған. Жүргізушіні медициналық мекемеге жеткізбек болған тәртіп сақшыларына көліктегі жолаушы кедергі келтіріп, бағынбаған.
Сараптама нәтижесі бойынша Lexus жүргізушісі орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – дейді Polisia.kz.
Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Астанада бес күнде 19 мас жүргізуші жауапқа тартылды. Шымкентте мас жүргізуші полицейлердің көлігімен соқтығысты.