Құтқарушылар Каспий жағалауына қауіпсіздік жайлы айтуға келген екен
Маңғыстау облысында 32 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Каспий теңізінің жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде жағадан 30 метр қашықтықта өз бетінше жағаға шыға алмаған 1992 жылы туған әйелді құтқарды.
Әйелге медициналық көмек қажет болмады, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Осындай қауіпті жағдайларды ескеріп, ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Тасқын, өрт, суға шомылу: Балаларды жазда қауіптен қалай қорғаймыз. Демалыс маусымы: Суға шомылудың қауіпсіздік ережелері қандай.