Halyq Uni логотип
×

Ертең кейбір өңірде 43 градус ыстық болады

Қазгидромет кезекті болжамын жариялады

 Қымбат Елтайқызы 08.06.2024 | 18:00
Ертең кейбір өңірде 43 градус ыстық болады
фото: Halyq Uni

Астана 

Күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с. Петропавлда найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

Күндіз аймақтың солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысы

Түнде өңірдің батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде аймақтың солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

Өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

Түнде аймақтың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз қатты ыстық – 35 градус күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

Күндіз 09-10 маусымда өңірдің таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады. Күндіз облыстың таулы аудандарында, күндіз 10 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

Аймақта жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысы

Түнде өңірдің солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Аймақтың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Өскеменде түнде және таңертең найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде және таңертең найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Павлодар облысы

Күндіз өңірдің солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

Күндіз аймақтың тауында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Түркістан қаласында күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысы

Күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда найзағай ойнайды.

Қарағанды облысы

Күндіз аймақтың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Ал оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай уақытында 18 м/с.

Ұлытау облысы

Түнде өңірдің батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық.

8 маусымға ауа райы болжамы жарияланды. Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жария болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама