×

Астанада гашиш сатумен айналысқандар ұсталды

Күдіктілердің бірі - шетелдік азамат

 Қымбат Елтайқызы 08.06.2024 | 16:20

Елордалық полицейлер гашиш сатумен айналысқан күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бас қалада гашиш сатумен айналысқан шетелдікті анықтады, деп мәлімдеді Polisia.kz.

Аталған 36 жастағы шетелдік азамат ғимараттың ауласында есірткі сатпақ болған жерінде ұсталған. Жеке тінту кезінде ер адамның шұлығынан сұр-жасыл түсті зат салынған 1 пакет, сонымен қатар оның әмиянынан 5 дана осыған ұқсас зат тәркіленген, – делінген ақпаратта.

Құрықталған азамат кінәсін мойындады. Есірткі заттарды заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шетелдік азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар осы жылғы мамырда Астанада шетелдіктің сыбайласы ұсталып, ол да уақытша ұстау изоляторында қамалған болатын. Гашиш есірткі заты есірткі сатушыларға еліміздің оңтүстік аумағынан жеткізілгені белгілі болған. Қазір елордада есірткі жеткізу және сатумен айналысқан басқа да сыбайластары анықталып жатыр. Бұған қоса құрықталған адамдар дәстүрлі емес діни көзқарастағы жақтаушылар қатарынан екендігі анықталды.

Ресейге адыраспан апарғандар түрмеге қамалады. Алматыда есірткі зертханасы жойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама