Halyq Uni логотип
×

Қостанайда бомба туралы хабарлаған 9 жасар бала анықталды

Ол тиісті жазасын алады

 Қымбат Елтайқызы 08.06.2024 | 11:40
Қостанайда бомба туралы хабарлаған 9 жасар бала анықталды
фото: polisia.kz

Қостанайда бомба мен террористер жайлы жалған хабар таратқан оқушы жазаланады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қостанай облысы ПД шұғыл қызметінің телефонына қоңырау түсті. Тұтқаның арғы жағында баланың дауысы облыс орталығындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы және террористер бар екендігін жеткізген, деп мәлімдеді Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 9 жасар баланы анықтады. Белгілі болғандай ол көшеде жүріп, осылайша достарының көңілін көтеруді шешкен. Оқиға орнына арнайы қызметтер барып, қызметкерлер мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды.

Терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар ата-аналарға тиісті шаралар қабылдау жайлы мәселе қаралады, – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Полицейлер шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Алматылық әйел желіде ер адамның ар-намысын қорлағаны үшін жазаға тартылды. Ақмола облысында алаяқтар бір аптада 18 адамды алдап кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама