Halyq Uni логотип
×

Абай облысында орман өртеген адам жазаланды

Оқиға орнында құрғақ шөптің жанғаны анықталды

 Қымбат Елтайқызы 08.06.2024 | 10:02
Абай облысында орман өртеген адам жазаланды
фото: ТЖМ

Абай облысында орман өртеген адам жазаланды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Абай облысының Өртке қарсы қызметіне «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман жамылғысы аймағының жанғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және «Семей Орманы» МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 га құрғақ шөптің өртенгені анықталды.

Іздестіру іс-шаралары барысында кінәлі адам анықталды. Трактор иесі – Боровлянка ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК 367-бабы 3-бөлігі бойынша 184 600 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды, – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Павлодар облысында балалар орманға өрт қойған. Астанада көпқабатты үй жанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама