Мүфтият Құрбан айттың алғашқы күні 16 маусымға сәйкес келетінін хабарлады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Құрбан айттың алғашқы күні (3 күн) 16 маусымға сәйкес келетінін хабарлады. Демек қазақстандықтар үшін 17 маусым жұмыс күні болып қала береді. Құрбан айт 16 маусымда – жексенбіде басталатын болғандықтан, дүйсенбі әдеттегідей жұмыс күні болып есептеледі.
Жалпы, бұған дейін қазақстандықтар 2024 жылдың маусым айында 11 күн демалатыны хабарланған. Яғни, биыл Құрбан айттың алғашқы күні 17 маусымда болатындықтан, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн – 15, 16 және 17 маусымда демалатыны айтылды.
Мүфтияттың хабарлауынша, биыл 15 маусым – Арапа күні, 16, 17, 18 маусым – Құрбан айт мерекесі.
Сонымен қатар маусымда бірқатар кәсіп иелерінің кәсіби мерекесі. Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісі медицина саласы қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Сондай-ақ 23 маусымда мемлекеттік қызметшілер мен Ішкі істер органдары қызметкерлерінің күні мерекеленеді. Бұған қоса, жыл сайын 28 маусым бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күн журналистер күні деген атаумен де белгілі.